Атырау, 23 қыркүйек 11:41
 дождьВ Атырау +19.1
$ 447.85
€ 513.46
₽ 5.31

Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

64 рет қаралды
 Бауыржан Молдағалиев, сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Бауыржан Молдағалиев, сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бауыржан Молдағалиев Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Тиісті бұйрыққа министр қол қойды.

Бауыржан Молдағалиев 1989 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавриаты мен магистратурасын, кейін осы оқу орнының докторантурасын аяқтаған. Философия, саясаттану және дінтану институтында, кейін ақпараттық саясатқа қатысты құрылымдарда жұмыс істеген.

2018 жылдан бастап Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарды: басшы хатшылығының сарапшысы және консультанты, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2023–2026 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2026 жылғы шілдеде қайтадан Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бүгін, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.