Атырау, 22 қыркүйек 16:24
 дождьВ Атырау +24.4
$ 448.44
€ 514.81
₽ 5.33

Жамбыл облысында қасбет тақталар жеткізуші 43,5 млн теңге шығынды өтеуге міндеттелді

107 рет қаралды

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қасбет тақталарды жеткізушіні құрылыс салушыға 43,5 млн теңге көлемінде шығын өтеуге міндеттеді. Соттың шешімін апелляциялық саты да заңды деп таныды.

Алматы облысындағы тұрғын үй кешеніне жеткізілген қасбет тақталарда ақаулар анықталып, оларды ауыстырғаннан кейін де панельдер қайтадан бұзыла бастаған. 2,8 мың шаршы метрден астам аумақта жарықтар пайда болған. Зертханалық тексерулер тақталардың беріктігі мен тығыздығы талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетті.

Құрылыс салушы ақаулы тақталарды өз қаражаты есебінен бөлшектеп, жаңаларына ауыстыруға және қосымша жұмыстар жүргізуге мәжбүр болған. Бұл шығын шамамен 23 млн теңгені құрады. Бұған дейін ол жеткізушіден сапасыз тауардың құны ретінде 19,35 млн теңге өндіріп алған еді.

Сот талап қоюшының шығындары мен жеткізушінің сапаға қатысты міндеттемелерін орындамауы арасында себептік байланыс бар екенін анықтады. Жеткізушінің монтаждау технологиясы бұзылғаны туралы уәждері дәлелденбеді.

Нәтижесінде сот бірінші сатыда құрылыс салушының пайдасына 43,5 млн теңге шығынды және 4,3 млн теңге сот шығындарын өндіріп берді. Апелляциялық тәртіппен сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.

Бүгін, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.