Атырау, 22 қыркүйек 16:00
 дождьВ Атырау +24.4
$ 448.44
€ 514.81
₽ 5.33

Жүйелі ереже бұзушыларға айыппұл жеңілдігі жойылады

122 рет қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов мұндай адамдарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдік жасалмауы тиіс екенін айтып, керісінше бұзушылық санына қарай айыппұл мөлшерін еселеп арттыруды тапсырды. 

Ол Ішкі істер министрлігіне басқа елдерде қолданылатын балдық жүйені зерттеп, енгізу мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.

Премьердің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының жалпы саны азайғанымен, апаттылық деңгейі әлі де жоғары.

Жылдамдықты асыру, қос сызықты кесіп өту және қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүру сияқты заң бұзушылықтарды қатаң тоқтату қажет екенін атап өтті. 

Қазіргі таңда бұл шаралар ұсыныс ретінде ғана айтылды, жаңа айыппұл мөлшерлері мен іске асыру мерзімдері әзірге жарияланған жоқ.

Бүгін, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.