Атырау, 22 қыркүйек 13:06
 дождьВ Атырау +21.9
$ 448.44
€ 514.81
₽ 5.33

ІІМ: Зейнетақы жүйесі өзгермейді, қызметкерлерге алаңдауға себеп жоқ

99 рет қаралды
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің зейнетақысын индекстеуді жою туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды QOS Live.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдегендей, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін реформалаудың, соның ішінде ІІО қызметкерлеріне де қатысты нұсқаларын шынымен де қарастырған. Дегенмен ІІМ күштік құрылым өкілдерінің жағдайын нашарлатуға үзілді-кесілді қарсы шықты.

«Біз өз ұстанымымызды білдіріп, бүгінгі таңда қолданыстағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі барлық қызметкердің көңілінен шығатынын және жағдайды нашарлатуға болмайтынын айттық. Осыдан кейін мәселе күн тәртібінен алып тасталды», — деді Лепеха.

ІІМ басшысының орынбасары Қазнетте тараған жарияланымдарды «ақпараттық шабуыл» және «фейк» деп атады. Лепеханың пікірінше, мұндай қауесеттер полицияның жеке құрамының рухын түсіру мақсатында әдейі таратылып отыр.

Бүгін, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.