Атырау, 25 қазан 06:34
 дождьВ Атырау +4.6
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Астанада 274 үлескерді тақырға отырғызған «Mardan» ТҮК ісі сотқа жолданды

396 рет қаралды
Сурет: polisia.kz
Сурет: polisia.kz

Астанада «Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің 4,1 миллиард теңгеден астам қаржысын заңсыз тартқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. Алаяқтық схемадан 274 отбасы зардап шеккен.

Рұқсатсыз құрылыс және мақсатсыз жұмсалған миллиардтар

Елорда прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топты ұйымдастырушылар міндетті рұқсат құжаттарынсыз-ақ салымшылардың ақшасын заңсыз жинаған. Олар тұрғындардың қаржысын мақсатсыз жұмсап, құрылыс жұмыстарын өрескел заң бұзушылықтармен жүргізген.

Қазіргі уақытта іс бойынша 4 күдікті қамауға алынды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында сот санкциясымен күдіктілердің 1 миллиард теңгеден астам жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.

Үлескерлерге ескерту

Елорда прокуратурасы азаматтарға салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының тиісті рұқсат құжаттарының бар-жоғын мұқият тексеруді ескертеді. 

22 қыркүйек, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.