
Қазақстандық жауынгер Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы аралас жекпе-жек жарысында алтын медаль жеңіп алды.
Оның жеңісі Қазақстан құрамасына биылғы Азия ойындарындағы бесінші алтынды әкелді.
77 келіге дейінгі салмақтағы ММА-ның дәстүрлі стиліндегі финалда Бүркіталин Бахрейн өкілі Мұхаммед Набиевпен кездесті. Қазақстандық спортшы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Шешуші жекпе-жек Нагоядағы Инаэ спорт орталығында өтті.
Биылғы ойындарда аралас жекпе-жек алғаш рет жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді.
Жарыстар 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан 558 спортшы қатысып, спорттың 35 түрінен медальдар үшін бақ сынауда.
В Атырау +21.9