Атырау, 24 қараша 12:03
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Н.Назарбаев пен В.Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы келісімге қол қойды

3 697 просмотра
 
 
ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумының қорытындысы бойынша екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар екі елдің министрлері де Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысты нығайта түсуге септігін тигізетін бірқатар маңызды құжаттарды рәсімдеді.

Атап айтқанда, «Қазақстан мен Ресейдің «Рост-Өрлеу» өнеркәсіптік колледждері қауымдастығын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге «Қазэнерджи» қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешені қауымдастығының бас директоры Ә.Мағауов, Қарағанды политехникалық колледжінің директоры З.Рахымов және Первоуральск металлургия білім орталығы колледжінің директоры Н.Десятов, «Челябі құбыр илегі зауыты» тобының акционері А.Комаров, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мұнай тасымалдау және кепіл туралы алдын ала шартқа «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы С.Мыңбаев, «ҚазТранОйл» АҚ бас директоры Қ.Қабылдин, «Ресмұнай» ҰК» ААҚ президенті - басқарма төрағасы И.Сечин,

2013-2014 жылдарға арналған ҚР мен РФ өнеркәсіптік кооперацияларын жандандыру жөніндегі Жол картасы мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылдарды кеңейту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев пен РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Д.Мантуров,

2010 жылғы 7 қыркүйектегі ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Имашев трансшекаралық газ конденсаты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау бойынша бірлескен қызмет туралы келісім хаттамасына ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалин мен РФ Табиғат ресурстары және экология министрі С.Донской, ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы шекара маңы аумақтарында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру туралы келісімге ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров пен РФ Табиғат ресурстары және экология министрі С.Донской қол қойды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

12 қараша 2013, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.