Атырау, 22 қыркүйек 11:59
 дождьВ Атырау +17.5
$ 448.44
€ 514.81
₽ 5.33

Қазақстанда жүргізушілерге бақылау күшейеді: айыппұлдың балдық жүйесі енгізіледі

70 рет қаралды
фото Ukimet
фото Ukimet

Қазақстанда такси жүргізушілері мен жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге бақылау күшейтіледі. Үкімет отырысында жаңа шаралар туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, елде такси агрегаторларының сервистерімен деректерді цифрлық алмасу жолға қойылған. Компанияларға 70 мың рульі оң жақта орналасқан автокөліктің тізімі жіберілді. Олар тіркеу жүйелерінен шығарылып, жолаушы тасымалдау қызметінде жұмыс істеуіне бұғат қойылады.

Сонымен қатар ІІМ жүргізуші куәліктерін автоматты түрде тексеру жүйесін енгізіп жатыр. Құқығы жоқ немесе көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтар қосымшалар арқылы тапсырыс ала алмайды. Сондай-ақ жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден және автокөліктің техникалық байқаудан өтуін автоматтандырылған бақылау тетігі пысықталуда.

Айыппұл төлеуді елемейтін «өрескел» жол ережесін бұзушылармен күресу үшін министрлік балдық жүйені енгізуге дайындалып жатыр.

«Қазіргі уақытта әрбір құқық бұзушылық пен оның ауырлығын ескеретін балдық жүйені енгізу мәселесі пысықталуда. Бірнеше рет қайталанған және ауыр құқық бұзушылықтар үшін айыппұлмен қатар жүргізуші куәлігінің қолданысын бір жыл мерзімге тоқтату қарастырылған», — деді ІІМ басшысы Ержан Саденов.

Айта кетейік, жолдардағы апаттылықты төмендетуге бағытталған шаралар аясында жаңа цифрлық сүзгілер мен такси сервистерімен интеграциялар кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Бүгін, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.