Атырау, 21 қыркүйек 15:40
 дождьВ Атырау +29.4
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Тағы бір медаль: Асель Канай Азия ойындарында екінші орын алды

39 рет қаралды
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық каратэші Асель Канай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Алтын жүлде үшін шешуші кездесуде Асель Канай Қытайдан келген атақты қарсыласы — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Азия ойындарының жеңімпазы Гон Лимен кездесті. Тартысты жекпе-жекте ҚХР өкілі жеңіске жетті.

Финалға дейінгі жол

Финалға дейін қазақстандық спортшы үш жекпе-жек өткізіп, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады:

  • 1/8 финал: Бангладеш өкілі Актер Хумайра Антороны 9:1 есебімен жеңді;

  • 1/4 финал: Моңғолия өкілі Маралжингоо Пуревжавты 6:0 есебімен ойсырата ұтты;

  • 1/2 финал: Камбоджа өкілі Чакрия Вангты 3:0 есебімен жеңді.

Асель Канай — әлем чемпионатының және Ханчжоуда өткен 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Бұған дейін Жапонияда өтіп жатқан каратэ додасында Қазақстан қоржынына Жоламан Бигабыл (-55 кг) және Софья Берульцева (+68 кг) алтын медаль салған болатын.

4 қазанға дейін жалғасатын XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 35 түрінен 558 спортшыдан құралған құраммен өнер көрсетіп жатыр.

Бүгін, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.