
ШҚО-да прокуратура араласқаннан кейін үш жетім бала тұрғын үй кезегіне қайта қойылды
Риддер қаласының прокуратурасы әлеуметтік осал топтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқықтарының сақталуын тексеру барысында үш жетім баланың заңсыз түрде кезектен шығарылғанын анықтады.
Балаларды кезектен шығару себебі ретінде олардың қалада уақытша тұрмауы және бастапқы есепке қоюды растайтын құжаттардың жоғалуы көрсетілген.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде аталған балалардың құқықтары қорғалып, олар бастапқы кезекке қойылған күндері сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастырып келеді.
В Атырау +24.4