
2026 жылғы 24 қыркүйек – 3 қазан аралығында Ресей аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу – 2026» және «Эшелон – 2026» оқу-жаттығулары өтеді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Осыған байланысты 21 қыркүйек – 5 қазан аралығында Қазақстан аумағынан Челябі облысындағы Мисящ стансасына дейін және кері бағытта теміржол арқылы әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады.
Оқу-жаттығулар барысында бөлімшелерді басқару, шеру дайындығы және қойылған міндеттерді орындау пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бекітілген жоспарларына сәйкес тұрақты түрде өткізіледі.
Қоғамнан, БАҚ өкілдерінен және әлеуметтік желі қолданушыларынан тек ресми дереккөздерге сүйеніп, тексерілмеген ақпаратты таратпау сұралады. Жалған мәлімет тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатыны еске салынады.
В Атырау +29.4