Атырау, 21 қыркүйек 13:59
 дождьВ Атырау +25.4
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

59 рет қаралды

Жетісу облысында «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция мен ҰҚК қызметкерлері үй жағдайында есірткі өсірген екі адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жансүгіров ауылындағы жеке үйге жүргізілген тінту кезінде есірткі өсіруге арнайы жабдықталған бөлмелер анықталды.

Онда құмыраларға отырғызылған өсімдіктер мен жасанды жарықтандыру жүйесі бар шағын жылыжай табылды. Тәркілеу барысында жалпы салмағы 5 келіден асатын 28 түп каннабис, 720 грамм жаңа жиналған және 762 грамм кептірілген марихуана алынды. Тергеу барысында Ақсу ауданының 60 және 64 жастағы екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полиция есірткі өсіру мен сақтаудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, азаматтарды заңсыз айналымға қатысты деректерді 102 нөміріне хабарлауға шақырады.  

Бүгін, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.