«Әуе-ғарыш қорғаныс күштері жерден автоматтық басқару құралдарымен «Радуга-1М» ғарыш аппаратын алып ұшқан «Протон-М» зымыранын ұшыруды басқарды, ол Байқоңыр ғарыш айлағынан Мәскеу уақытымен сағат 03:46-де (Астана уақытымен 05:46) аттанды», - деп хабарлайды ӘҒҚ күштерінің ресми өкілі Дмитрий Зенин.
Астана уақытымен 05:55-те үдеткіш блогы жер серігімен зымыраннын бөлінді. Блок жер серігін қажетті орбитаға жеткізбек.
Ресми өкілдің айтуына қарағанда, зымыран тасығыштың ұшырылуы және ғарыш аппараты мен үдеткіш блоктың бөлінуі штаттық режімде өткен.
Жер серігі қажетті орбитаға жеткізілуі сағат 14:47-де жүзеге асырылады.
«Радуга-1М» ғарыш аппараты – үшінші байланыс толқынының әскери спутнигі. Ол ресейдің Біртұтас спутниктік байланыс жүйесінің 2-ші кезеңіне кіреді.
Дереккөз: BNews.kz