Атырау, 21 қыркүйек 11:21
 дождьВ Атырау +17.3
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Астанадағы автограф-сессиясындағы қарбалас: футбол ойыншылары эвакуацияланды

58 рет қаралды

Астанадағы сауда-ойын-сауық орталығында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншыларының қатысуымен өткен автограф-сессия лық толған халық пен қарбаласқа байланысты тоқтатылып, спортшылар эвакуацияланды, деп жазады nur.kz.

Фан-кездесуге келген жанкүйерлердің қарасы тым көп болып, ғимарат ішінде кептеліс туындаған. Соның салдарынан елордалықтар, әсіресе құрама қақпашысы Темірлан Анарбековпен жүздесуге келген жас жанкүйерлер, өз кумирлерін көре алмай қалды.

Әлеуметтік желі қолданушысы Ерлан Абсатов Threads парақшасында ұйымдастырудың нашарлығынан ғимарат ішінде тыныс алу қиындап, балалардың жылап қалғанын жазды. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды оқиға орнынан дереу алып кетуге мәжбүр болған.

Қазақстан футбол федерациясының реакциясы

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) фан-кездесудің келушілер мен футболшылардың қауіпсіздігіне төнген қауіпке байланысты мерзімінен бұрын аяқталғанын растады. Федерация өкілдері бұл соңғы кездесу емес екенін айтып, автограф ала алмай қалған балалар үшін арнайы шешім ұсынды.

Қолтаңба ала алмай қалған бүлдіршіндердің ата-анасы marketing@kff.kz электронды поштасына өтініш жібере алады. Өтініште мына ақпараттарды көрсету қажет:

  • Баланың аты-жөні;

  • Ата-анасының байланыс телефоны.

Өтініш түскеннен кейін ұйымдастырушылар балаларға футболшылардың жеке қолтаңбасы қойылған арнайы ашықхаттарды жібереді.

ҚФФ өкілдері орын алған жағдай үшін өкініш білдіріп, алдағы іс-шараларды ұйымдастыру кезінде барлық кемшіліктерді ескеруге уәде берді.

Бүгін, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.