Атырау, 24 қараша 11:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Роснефть» пен Қазақстан компаниялары мұнай тасымалы туралы алдын ала келісімге отырды

4 434 просмотра
«Роснефть» президенті Игорь Сечин мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және «ҚазТрансОйл» компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдин Қазақстан аумағы арқылы мұнай тасымалдау және кепілдік туралы алдын ала келісімге қол қойды, деп хабарлайды РБК.

 Құжатқа қол қою рәсімі РФ президенті Владимир Путин мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Құжат Екатеринбургте Ресей мен Қазақстан өңіраралық ықпалдастығының Х форумы аясында бекітілді. 

Бұған дейін, 10 қазанда РФ энергетика министрі Александр Новик «Роснефть» пен «ҚазМұнайГаз» компаниялары Қазақстан арқылы Қытайға мұнай өткізу жайын қарастырады деп айтып өткен болатын. Министрдің сол жолғы айтқан сөзіне сүйенсек, осыған сәйкес келісімге қол жеткізілгенде ғана бұл бастама жүзеге асады. Сарапшылардың пайымынша, шикізат қытайдың CNPC компаниясына қарасты Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры арқылы жеткізілуі мүмкін. 

Дереккөз: BNews.kz

12 қараша 2013, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.