Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі кәріс және түрік сериалдарын сатып алуды тоқтатады деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
«Біздің телеарналар кәріс және түрік сериалдарына әуестенгені анық. Осы телесериалдарды сатып алуға аз қаражат кетпейді. Біз журналистер, телевизия мамандары таратуға және көрсетуге тағы да қажет қаражат кететінін өте жақсы білеміз, нәтижесінде ірі мемлекет қаражаты түрік-кәріс сериалдарын инвестициялауға кетеді деп айтуға болады», - деді Құл-Мұхаммед дүйсенбіде орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.
Оның мәліметінше, биыл кәріс және түрік сериалдарын сатып алуды тоқтату туралы нақты шешім қабылданды.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.