
3 қыркүйекте Жәнібек ауданының Тау ауылдық округінде өртті сөндіру кезінде взвод командирі Миршат Халиуллин қаза болды. Бұл туралы Kazinform хабарлады.
Марқұмның әкесі Марс Халиоллаұлының айтуынша, ұлына әріптесі басқарған өрт сөндіру көлігі соққан. Жүргізуші түтіннен көрмей қалғанын түсіндірген. Жарақат алған Миршат ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
Миршат 2016 жылдан бері өрт сөндіруші болып қызмет еткен. Әкесінің айтуынша, ол отбасын асыраушы болған, бірге тұрған. Артында інісі мен қарындасы қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкердің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқанын растады және отбасыға қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті құтқарушының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
В Атырау +25.7