
Шымкент қаласында тиісті сертификаты мен лицензиясы жоқ тұлға пластикалық хирургия саласында заңсыз қызмет көрсеткені үшін жауапқа тартылды.
Сот анықтағандай, ол жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасап, нәтижесінде жәбірленуші бір көзінің көру қабілетін толық жоғалтқан.
Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Абай ауданының прокуратурасы азаматтарды ескертеді: лицензиясы мен біліктілігі жоқ адамдардың медициналық қызметіне жүгіну өмір мен денсаулыққа ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.
Медициналық көмекті тек лицензиясы бар ұйымдар мен кәсіби мамандардан алу қажет екенін атап өтті.
В Атырау +23.1