
2027 жылы Қазақстан Үкіметі бюджетке қосылған құн салығы (ҚҚС) есебінен 9,5 триллион теңге жинауды жоспарлап отыр.
Бұл көрсеткіш биылғы жылмен салыстырғанда 2,5 трлн теңгеге көп. Мұндай параметрлер Құрылтайда таныстырылған үшжылдық бюджет жобасына енгізілген.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин түсімнің қалай қалыптасатынын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Өсімнің негізгі факторлары:
Салық мөлшерлемесіндегі айырмашылық (338 млрд теңге): 2027 жылы ҚҚС ставкасы өзгермейді, бірақ кварталдық төлемнің әсері байқалады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында салық әлі 12% мөлшерлеме бойынша төленген. Ал 2027 жылы есептеу бірінші тоқсаннан бастап толықтай жаңа 16% мөлшерлемемен жүргізіледі.
ЖІӨ өсімі (575 млрд теңге): ішкі ҚҚС түсімін экономикалық өсім қамтамасыз етеді.
Импорттың көбеюі (440 млрд теңге): елге тауар әкелудің артуы қосымша түсім береді.
Салықтық әкімшілендіруді жақсарту (шамамен 40 млрд теңге): цифрландыру және бақылауды күшейту есебінен.
Бұл факторлардың жиынтығы 2027 жылы жаңа салық жүктемесін енгізбей-ақ бюджет кірісін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, деп қорытындылады ведомство.
В Атырау +23.1