Қазақстанда «Білім» (Знание) және «Мәдениет» (Культура) мемлекеттік телеарналары біріктіріледі, жаңа телеарна 2014 жылдың басында құрылады деп мәлімдеді республиканың мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазанда үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар мемлекеттік телеарналардың мазмұнын сынға алған болатын. Атап айтқанда, «Білім» және «Мәдениет» телеарналарының контентін атап айтты, оның пайымынша, бұл бір-біріне ұқсайтын телеарналар.
««Білім» және «Мәдениет» телеарналарын біріктіру туралы шешім қабылданып қойды. Иә, шынымен де, бұл телеарналардың рейтингі жоғары емес. Бұл ретте олардың мақсатты аудиториясын ескеру керек. Бұндай арналардың рейтингі басқа елдерде де осындай, көрші Ресейде «Россия-Культура» телеарнасының рейтингі көңіл көншітпейді, бұл осы телеарналардың өзіне тән ерекшелігі», - деді Құл-Мұхаммед дүйсенбіде орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары