
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жұмыстарын аяқтады.
2025-2026 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін төлемді жалпы сомасы 1 217,02 млн теңгеге, ҚҚС-ты қоса алғанда, қайта есептеді.
Қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып жүргізіледі. Тиісті сома тұтынушының жеке шотында аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрсетіледі.
Өңірлер бөлінісінде қайта есептеу сомасы:
Астана – 460,67 млн теңге;
Алматы – 57,77 млн теңге;
Шымкент – 38,50 млн теңге;
Абай облысы – 0,27 млн теңге;
Алматы облысы – 12,70 млн теңге;
Ақмола облысы – 13,98 млн теңге;
Атырау облысы – 22,09 млн теңге;
Ақтөбе облысы – 11,03 млн теңге;
Шығыс Қазақстан облысы – 298,56 млн теңге;
Жамбыл облысы – 26,06 млн теңге;
Батыс Қазақстан облысы – 1,82 млн теңге;
Қостанай облысы – 25,69 млн теңге;
Қызылорда облысы – 42,21 млн теңге;
Маңғыстау облысы – 161,60 млн теңге;
Павлодар облысы – 29,11 млн теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы – 14,59 млн теңге;
Түркістан облысы – 0,37 млн теңге.
Қарағанды облысында, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу жүргізілмейді, себебі жылумен жабдықтау қызметтерінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.
Бұл ретте Астанада 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып жүргізілді, ал төлемдер маусым бойы температураның өзгеруіне байланысты ай сайын түзетіліп отырды.
Салыстыру үшін, 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға шамамен 1 554,7 млн теңге сомасында қайта есептеу жүргізілген.
Қосымша сұрақтар бойынша тұрғындар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады:
Астана қаласы: (7172) 57-50-28;
Алматы қаласы: (727) 279-31-39;
Шымкент қаласы: (7252) 32-15-07;
Абай облысы: (7222) 52-17-91;
Ақмола облысы: (7162) 50-43-63;
Алматы облысы: (7273) 70-05-04;
Атырау облысы: (7122) 21-10-38;
Ақтөбе облысы: (7132) 55-73-38;
Шығыс Қазақстан облысы: (7232) 61-28-88;
Жамбыл облысы: (7262) 45-94-68;
Батыс Қазақстан облысы: (7112) 31-36-42;
Қарағанды облысы: (7212) 21-57-10;
Қостанай облысы: (7142) 54-28-76;
Қызылорда облысы: (7242) 26-22-93;
Маңғыстау облысы: (7292) 42-16-20;
Павлодар облысы: (7182) 32-12-02;
Солтүстік Қазақстан облысы: (7152) 53-42-55;
Түркістан облысы: (7253) 35-83-66;
Ұлытау облысы: (7102) 76-07-24;
Жетісу облысы: (7282) 24-28-05.
В Атырау +23.1