
БЖЗҚ-дан «Отбасы банкіндегі» депозитке аударылған артық зейнетақы қаражаты алты жыл ішінде ипотека рәсімделмесе де, зейнетақы қорына қайтарылмайды. Ережелерге енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, бұл ақша банктегі депозиттік шотта сақтала береді.
Әлеуметтік желіде баспана сатып алуға немесе ипотека рәсімдеуге үлгермеген азаматтардың жинағы қайтадан БЖЗҚ-ға қайтарыла ма деген мәселе жиі талқыланып жатыр. Банк өкілдерінің түсіндіруінше, белгіленген мерзім өткеннен кейін де қаражатты автоматты түрде зейнетақы қорына кері қайтару талабы жойылды.
Дегенмен «Отбасы банкі» ипотекалық қарыз алуды кейінге қалдырмай, бұл қаражатты баспана сатып алуға арналған бастапқы жарна ретінде мүмкіндігінше ертерек пайдалануға кеңес береді.
Қаражатты пайдалану тәртібі мен жеке шотқа қатысты сұрақтар бойынша азаматтар «Отбасы банкінің» филиалдарына немесе консультанттарына жүгініп, толық ақпарат ала алады.
В Атырау +18.8