Атырау, 24 қараша 11:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин және Назарбаев Екатеринбургте көршілік және одақтастық туралы жаңа келісім-шартқа қол қояды

2 946 просмотра

РФ президенті  Владимир Путин және Қазақстан басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Екатеринбургте сауда-экономикалық байланысты күшейту болашағын, ғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылайды және екі елдің ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігін нығайтатын XXI ғасырдағы көршілік және одақтастық туралы жаңа келісім-шартқа қол қояды.

Путин және  Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің Х өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Іс-шара мемлекет басшыларының екіжақты келіссөздері, жалпы отырыс және бірлескен құжаттарға қол қоюы түрінде өтеді деп болжануда.

"Сыртқы істер министрліктері басшылығымен біздің ведомстволар даярлаған өте маңызды саяси құжатқа қол қойылады, ол "Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы 21 ғасырдағы көршілік және одақтастық туралы келісім-шарт " деп аталады. Бұл түрлі бағыттар бойынша біздің елдердің арасындағы байланыстар сүйенетін жаңа негізгі құжат ", - деді РФ президентінің көмекшісі  Юрий Ушаков.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

11 қараша 2013, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.