Мемлекеттік сатып алу веб-порталының www.goszakup.gov.kz 2013 жылғы қараша айындағы деректері бойынша мемлекеттік органдардың тәтті тағамдарды (шоколад, зефир, карамель, шығыс тәттілері және т.б.), сондай-ақ шайды сатып алуға мемлекеттік сатып алудың көлемі 954 млн. теңгені құрайды, деп хабарлады www.goszakup.gov.kz. порталы.
«Тәтті тағамдар (шоколадөнімдері, халва, карамель, ирис, зефир) 634 миллион, шай сатып алуға қарашада 320 миллион теңге қарастырылған», - делінген хабарламада.
Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің арқасында 2013 жылдың үш тоқсанында сатып алуды өткізген кезде мемлекет шамамен 37 млрд. теңгені үнемдеді.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.