Атырау, 5 желтоқсан 16:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Байқоңырдың маңында табылған сынықтардың ғарыш техникасына қатысы жоқ – Мұсабаев

1 786 рет қаралды
Қазақстанда Байқоңыр ғарыш айлағының маңында табылған ұшу аппаратының сынықтары ғарыш аппаратының фрагменттері емес, деп мәлім етті Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев. 
 
Қазақстан төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, сейсенбі күні 13.55-те  Қазалы ауданында Қожабақы елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта ғарыш аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылған. Брқатар БАҚ-тар бұл «Днепр» зымыран тасығышының сынықтары болуы мүмкін деп хабарлаған. 
 
«Бұл сынықтардың ғарыштық мақсаттағы зымыран-ғарыш техникасына жатпайды, деп толық айта аламын, яғни Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған техника да, зымыран да емес», - деді Мұсабаев жұмада. 
 
 
8 қараша 2013, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.