Бекітілген нормалар бойынша, бір қазақстан азаматы азық-түлікке айына 11 196 теңге жұмсауы тиіс. Мемлекет тіпті сатып алынуы тиіс азық-түліктің тізімін де жасап көрген. Мысалы, күніне мынадай заттарды міндетті түрде тұтынуымыз керек: жұмыртқаның үштен бірі, 100 грамм ет, жарты пакет шай. Қазақстан дамыған елдердің қатарына кіруі үшін азық-түлік тұтыну себетінің құнын әлемдік стандарттарға сәйкестендіруі тиіс. Мысалы, Германияда тамаққа айына кемінде 500, Жапонияда – 317, Италияда – 260 доллар жұмсайды.
«Азық-түлік себетінің құрамын қайта қарап шығуымыз қажет. Өнімнің түрлері мен санын арттыруымыз керек. Бүгінгі ахуалымызды Чад Республикасымен салыстырсақ болады. Бұл қандай мемлекет дейсіздер ғой. Бұл – Африкадағы ең кедей елдердің бірі», - дейді ШҚО Талдау және болжау институның бөлім бастығы Олег Чугунков.
Дереккөз: Baq.kz