«Астана-Агроөнім» ЖШС жоғары сапалы жылқы, сиыр және қой етінен әзірленген шұжықтар мен жартылай фабрикаттар өндірумен айналысады. Осы өнімдердің алғашқы легі, серіктестік жетекшісі Серік Рақымов атап өткендей, дәм тату үшін 5 тонна көлемінде жөнелтілген.
«Алайда «Бақара» сауда маркасымен шыққан ақмоланың деликатестерін, шұжықтары мен жартылай фабрикаттарын мәскеулік рестораторлар жоғары бағалап, екінші тапсырыс көлемін 12 тоннаға дейін өсірді», - деп хабарлап отыр облыстық әкімшілік.
Өңделген өнім келісінің орташа құны 2,5 мың теңгеге бағаланған. Кешен басшысы атап өткендей, бұл өте жақсы баға. Компания халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес ет және шұжық өнімдерінің 140 түрін тұтынушыға ұсынып отыр.
«Екі жылда кәсіпорын өндіріс көлемін тоғыз есеге өсірді – заманауи технологияларды сәтті пайдаланудың арқасында айсайынғы ет өндірісін 150 тоннаға жеткізуге мүмкіндік туды. Бүгінгі күні бордақылау аумағы мың жарым басқа есептелген. Болашақта серіктестік мал басын үш мыңға жеткізуді көздеп отыр», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.
Дереккөз: BNews.kz