Іле Алатауы саябағында орын алған жаппай кісі өліміне қатысы бар деп айыпталған С.Хайров 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Бүгін Алматының Алмалы аудандық соты С.Хайровты 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Қылмыскер жазасын қатаң режимді колонияда өтейтін болады.
Естеріңізге сала кетсек, С.Хайров жаппай кісі өліміне қатысқанын жоққа шығарған еді, оған тағылған айыптың ішінен ол тек Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын заңсыз түрде кесіп өткенін ғана мойындады. Ол кезде оның қолында туған ағасының құжаты болған. 38 жастағы БҚО Қазталов ауданы Бостандық кентінің тумасы өткен жылдың жазында Іле Алатауы ұлттық саябағында орын алған жаппай кісі өліміне қатысы бар деген айып тағылған еді.