Атырау, 24 желтоқсан 14:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда 52 қамау үйі салынады

2 637 рет қаралды
Қазақстанда 52 қамау үйін салуға республикалық бюджеттен 65 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде бүгін Мәжілісте өткен ҚР Қылмыстық-атқару кодексі жобасын таныстыру кезінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қамауға алу жазасын орындау үшін Қылмыстық кодекс жобасының аясында, біз 2015-2021 жылдар аралығында 52 қамау үйін салуға 65 млрд теңге сомасында бюджеттік қаражатқа өтініш бердік», - деді А.Күреңбеков.

«Жаңа мекемелер қамауға алынғандар қылмысты қайталамауы үшін салынады», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: BNews.kz

7 қараша 2013, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.