Атырау, 6 сәуір 01:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86

Түркияда сотталған қазақстандықтардың өз отанында жазасын өтеуіне мүмкіндік туды

1 745 рет қаралды
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы сотталған тұлғаларды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.

«Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған келісімге осыдан 3 ай бұрын ҚР Бас прокурорының Анкараға сапары аясында қол қойылған. Ол Түркияда сотталған біздің азаматтарға отанында жазасын өтеуге мүмкіндік береді. Мәселен, қазіргі уақытта Түркия түрмелерінде Қазақстанның 2 азаматы жазасын өтеуде. Атап айтқанда, Рүстем Мамаев 5 жылға, Дмитрий Малеев 12,5 жылға сотталған. Қаралып отырған келісім ратификацияланған жағдайда бұл азаматтарды Қазақстанға қайтару мүмкіндігі туады. Мұндай жайт Қазақстанда жазасын өтеп жатқан Түркияның 3 азаматына да мүмкіндік береді», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

7 қараша 2013, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.