Атырау, 24 қараша 11:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Настя Шарипованың денесі жер қойнына тапсырылды

1 311 просмотра

Павлодар облысына қарасты Евгеньевка ауылында ұзақ іздеуден соң өз үйінің маңынан өлі табылған Настя Шарипованы жақындары жер қойнына тапсырды.

Оқушыны ақырғы сапарына шығарып салуға бүкіл ауыл жиналды. Жерлеу кезінде жаңбыр нөсерлете жауыпты. Табытты көтергендер Настя оқыған мектептің алдында арнайы тоқтады.

Туысқандары қыздың бетін ашудан тайсалмай, жарақатқа толы жүзін той шілтерімен жапты. Барлығы күйзелістен жылап тұрды.

Естеріңізге салайық, 14 жастағы жасөспірімді қылмыскерлер ескі ғимаратқа көміп кеткен болатын. Өлтірмес бұрын белгісіз біреулер қызды зорлаған.

Алайда туған туысқандары Настяның денесі жуырда ғана көмілген болуы мүмкін деп болжам айтып отыр.

"Біз бұл жерден көп жүрдік. Әрбір тастың астын қарадық. Меніңше ол сол жерде болғанда табылар еді", - дейді  Настя Шарипованың туысқаны Зарина Бекежанова.

Дереккөз: 7 канал

7 қараша 2013, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.