Павлодар облысында 14 жастағы оқушы қызды зорлап өлтіріп, артынан оны орға көміп кеткен қылмыскер қолға түсті деп хабарлайды КТК арнасы.
Жазықсыз қызды жазым еткен азғын алыстан келмепті. Таяқ тастам жерде тұратын көршісі екен. Із-түссіз кеткен Анастасия Шарипова тәртіп сақшылары, еріктілер мен ауылдастары жарты айға жуық іздеген.
Бірақ ешқандай нәтиже болмаған еді. Қаза тапқан қыздың денесі осыдан 2 күн бұрын ғана үйіне жақын маңнан табылды.
Ал бүгін азғынның кім екені анықталып отыр. Ол марқұмның өз ауылдасы 20 жастағы жасөспірім болып шықты. Оқушының мүрдесі табылған сәттен бастап көршісі өз үйіне жоламай қашып жүріпті.
Тәртіп сақшылары оны Астанаға қашпақ болып жүрген кезде қолға түсірген.
Дереккөз: КТК арнасы