Атырау, 27 маусым 22:35
 дождьВ Атырау +25.5
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Павлодарлық оқушы қызды зорлап өлтірген күдікті ұсталды

2 033 рет қаралды

Павлодар облысы Евгеньевка ауылының сегізінші сынып оқушысы Анастасия Шарипованы зорлап өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Twitter-де хабарлады.

«Полицейлер қылмысты қыздың мүрдесі табылғаннан кейін үш күн өткен соң ашты. Оқушыны зорлап өлтірген күдікті анықталып, ұсталды», - деп хабарлады Н.Ораз.

Павлодар облыстық ІІД басшылығы қылмыс жөнінде толығырақ ақпаратты бейсенбі күні таратады.

Еске сала кетсек, 14 жасар Настя Шарипова 21 қазанда із-түссіз жоғалып кетті. Оны іздестіруге 700-ден астам адам жұмылдырылды. Алдын-ала болжам бойынша, ол жоғалған күні көз жұмған.


Дереккөз: BNews.kz

6 қараша 2013, 22:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.