Мәжілісмен Ерген Дошаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлады Қазақстан Параменті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, Ерген Дошаевтың өзі депутаттықтан босату туралы өтініш білдірген.
Соған қатысты палата депутаттары оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады. Депутат Ерген Дошаев отбасылық жағдайына байланысты осындай шешім қабылдағанын айтады.