Болат Жәмішев Қазақстанның өңірлік даму министрі қызметіне тағайындалып, республиканың қаржы министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметінен босатылсын», - делінген жарлықта.
Бұрын Өңірлік даму министрі қызметін атқарған Бақытжан Сағынтаев бұл қызметтен босатылды, бірақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінде қалды.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.