Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі комиссия тексеруі барысында республиканың жеткі аймағында автожолдарды жөндеу сапасының бұзылуларын анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Жергілікті маңыздағы автокөлік жолдары 2001 жылдан бері жергілікті атқарушы органның қарамағында және оларды жөндеу жұмыстарымен сол жергілікті атқарушы органның өздері айналысатынын ескере отырып, Комиссия Көлік және коммуникация министрлігімен республикалық бюджеттен қосымша мақсатты трансферт ретінде бөлінген ақшаға салынған жергілікті жолдарды ғана тексерді» - деп атап өтті ҚР ККМ Автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Әбләлиев.
Комиссия облыстық, аудандық жолдарды жаңарту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскелерін тексеру нәтижесінде көптеген бұзушылықтарды анықтады. Солардың ішінде, жол жабындыларының тегіс болмауы, жол бетінде жарықшақтардың пайда болуы, жол жиектерінің тегіс болмауы және т.б.
Барлығы 82 қала көшелері мен жолдары тексерілді.
Айталық, Ақмола облысына жүргізілген тексеру жұмыстары барысында «Қабанбай батыр - Жалғызқұдық - Оразақ» облыстық маңыздағы автокөлік жолында уақытша белгілер мен жолдың жиегіне топырақ төселмегені анықталды. Атырау облысына қарасты Тұрғызба ауылына кіреберіс жолда көптеген ақаулар анықталды. Төселген тас бетонды зертханада сынау барысында материалдың ГОСТ талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Шығыс Қазақстан облысындағы «Семей-Курчатов» облыстық маңыздағы жолдың да сапасы нашар болып шықты. Тексеру барысында жарықшақтар мен жолдың бұзылғандығы анықталды.
Маңғыстау облысы бойынша облыстық және аудандық маңыздағы 4 жолға тексеру жүргізілді. «Ақтау - Шевченко» автожолының учаскесінде топырақ төсеу кезінде жаңбыр суын бұрып жіберу арнасы қарастырылмағаны анықталса, Ақтөбе облысындағы жолдарды тексеру барысында комиссия «Ақтөбе - Болгарка -Шұбарқұдық» жолына күрделі жөндеу жұмыстарының өте сапасыз жүргізілгенін анықтады. Жолдағы ақауларды жою кезінде талаптар өрескел бұзылған.
Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының жолдарын тексеру кезінде де құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының технологиялық талаптары сақталмаған болып шықты.
Комиссия жұмысының нәтижесінде облыс әкімдіктеріне барлық ескертулерді жою талабы қойылған хат жолданды. Бүгінгі күні осындай 95 ескерту жойылмаған.
Аталған Комиссия құрамына ҚР ККМ Автокөлік жолдары комитетінің, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ-ның, «ОблЖолЗертхана» ММ-нің мамандары мен облыс әкімдіктерінің өкілдері енгенін айтып өткен жөн. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінен хабарлады.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.