Атырау, 24 қараша 10:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Орал тұрғыны дәрігерлер қатесінен көз жұмды

2 627 просмотра
Оралда медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпты қарамауынан 46 жастағы азамат көз жұмды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылдың 13 қазанында М.Ихсанов деген азамат «кеуде қуысы, іштің түйрелген-кесілген жарақаты» диагнозымен БҚО Орал қалалық травматологиялық пунктіне жеткізілген.

«Сот-медициналық сараптама қорытындысына қарағанда, М.Ихсанов дәрігерлер қателігінен көз жұмған. Операция кезінде М.Ихсановтың ішінде марляден жасалған майлық қалып қойған, ақыры ол көк ет қуысының ішкі қабынуына әкеліп соқтырды (фиброзды перитонит)»,-деп жазылған хабарламада.

2013 жылдың 23 қазанында шамамен сағат 12:00-де «Облыстық клиникалық аурухана» МКҚК 2-ші хирургияның екінші бөлімінде 1967 жылы туған М.Ихсанов қайтыс болды.

2013 жылдың 26 қазанында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Орал қалалық ІІБ Абай ПБ тергеу бөлімімен аталған фактімен ҚР ҚК 114-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: Baq.kz

6 қараша 2013, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.