"Бүгін вице-министрлер өз еркімен қызметтен кету үшін өтініштерін жазды. Осыған орай біз тиісті құжаттарды әзірледік. Енді шешімді Үкімет қабылдайтын болады" деді Сәрінжіпов.
Оның айтуынша, бүгінде Білім және ғылым министрлігінің алдына үлкен міндеттер қойылып отыр. Енді оны жүзеге асыру үшін министрлік өкілдері тынбай еңбек етпек. Ал, жұмыс істегісі келмеген қызметкерлердің барлығы жылы орнын босатады дейді ведомство басшысы.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Аслан Сәрінжіповтің екі орынбасары бар. Бірі - Мұрат Орынханов, екіншісі - Мұрат Әбенов.
Дереккөз: Baq.kz