Атырау, 24 желтоқсан 14:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Премьер-министр тағы үш министрдің орынбасарына сөгіс жариялады

1 761 рет қаралды
Премьер-министр Серік Ахметов бүгін Үкімет отырысында тағы үш министрдің орынбасарына сөгіс жариялады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Премьер-министр мемлекеттік бағдарламалардың тиісті деңгейде орындалмай жатқанын сынға алып, индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мен өңірлік даму вице-министрі Серік Нокинге сөгіс жариялады. Сондай-ақ Серік Ахметов ақпараттандыру жұмысы ақсап тұрғанын алға тартып, мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаевқа да сөгіс жариялады.

Айта кетейік, Үкімет басшысы бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Тәкежановқа, ауыл шаруашылығы вице-министрі Толыбаевқа, қаржы вице-министрі Теңгебаевқа сөгіс берді.

Дереккөз: BNews.kz

5 қараша 2013, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.