Атырау, 24 қараша 10:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Іздеу жарияланған жеткіншекті зорлап, артынан буындырып өлтірген

2 112 просмотра

Павлодар облысына қарасты Евгеньевка ауылынан жоғалған 14 жасар қыздың мәйіті табылды.

Осыдан екі аптадай уақыт іздеу жарияланған жеткіншекті зорлап, артынан буындырып өлтірген дейді мамандар. Оқушы қыздың денесінде бірнеше жарақат іздері болған. Қылмыскер оны өлтіргеннен кейін көміп кетіпті.

Оқиғаның дәл қай күні орын алғандығы анықталу үстінде. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдіктілерді іздестіріп жатыр. Бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Бүгінде Анастасия Шарипованың денесі мәйітханада. Жерлеу рәсімі ертең өтеді деп жазады Total.kz.

Естеріңізге салайық, 21 қазан күні А.Шарипова мектептен шығып, үйіне оралмаған. Үй мен мектеп арасы шамамен 500 метр ғана. Оны іздеуге 500-ге тарта полицей мен еріктілер жұмылдырылды.

Оқушының өлі денесі тек екі апта өткеннен кейін өз үйінің маңында табылған.

Источник: BAQ.KZ

5 қараша 2013, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.