Атырау, 9 қараша 18:16
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

2 716 просмотра
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Дін істері агенттігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Марат Әзілхановты таныстырды.

Үкімет Басшысы бұрынғы басшы Қайрат Лама Шарифтің Агенттіктің қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өтті.

«Сіздің ұжымның алдында конфессияаралық келісімді, дін ұстану еркіндігіне азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бойынша маңызды міндеттер тұр. Осы жұмыста Сізге табыстар тілеймін», - деді С.Ахметов.

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қ.Лама Шариф Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 

Дереккөз: Baq.kz

5 қараша 2013, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.