Атырау, 24 қараша 10:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Заңсыз алынған 9 пәтердің екеуі мемлекетке сот арқылы қайтарылады -ТҚЖБ

1 879 просмотра

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ еншілес мекемесімен бірлесіп «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында банк басшылары мен олардың туыстары «Әйгерім» тұрғын үй кешенінен алған пәтерлерді қайтаруда деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

Бұрын хабарланғандай, 9 пәтер  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшылары мен олардың туыстарының арасында бөліске түскен. Олардың арасында банк Басқармасының бұрынғы төрағасы, Басқарма төрағасының бұрынғы екі орынбасары, банктің Алматы облыстық филиалының директоры, Алматы қалалық филиалының директоры, олардың туыстары бар. 11 қазанда үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы оқиғаға қатысты сынынан кейін банктің басшысы ауысты және пәтерлерді қайтару басталды.

«Бағдарлама бойынша пәтер алғандардың арасында банктің басшылары мен олардың туыстары боп табылатын 9 азамат анықталған еді. Олардың  жетеуі пәтерлерді  өз еркімен қайтаруға келісті. Қазір біз Алматы қаласының әкімшілігімен бірге пәтерлерді қайтарудың құқықтық механизмін қалыптастырып жатырмыз»,-делінген хабарламада.

"Ал пәтерлерді өз еркімен қайтаруға келіспей отырған екі азаматқа қатысты сотқа шағым түсіріледі. Оларға сотқа дейінгі талап-хат жіберілді" -делінген хабарламада.

 «Әйгерім» тұрғын үй кешенінде пәтер алған банктің басқа қызметкерлеріне қатысты қандай да бір шара қабылданбайды. Себебі олар банктің басшылық құрамына кірмейді және де баспананы бағдарлама талаптарына сай заң шеңберінде алған.

Сонымен қатар, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесі Корпоративті этика кодексін бекітті. Онда Банктің басшылық құрамының «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысуына шектеулер қарастырылған.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

4 қараша 2013, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.