Бүгіннен бастап жол және патрульдік полиция қызметтері Әкімшілік полиция басқармасының бірыңғай құрылымына қосылды, Астанада саптық байқауға 150 қызметкер және 50 қызметтік автокөлік жұмылдырылды деп хабарлайды елорданың ІІД баспасөз қызметінен.
«Әмбебап полицей қызмет атқару барысында азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін және қылмыстарды ашу мен қылмыскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді»,-делінген хабарламада.
Кезекші экипаж құрамына көшедегі құқықбұзушылық және жол қозғалысы ережесін бұзудың алдын алатын екі патрульдік және бір жол полициясы қызметкері кіреді.
«Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінен қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайында жедел әрекет етуін күтеміз. Оған қоса, жол қозғалысы ережелерін қатаң бұзуды алдын алудың тиімділігі артады»,- деп атап өтті Астана қ. ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Батырлан Есенбай.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.