Атырау, 26 желтоқсан 22:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ресей-Украина шекарасында ондаған қазақстандық алысқа қатынайтын жүргізуші кептелісте тұр

1 703 просмотра

Қазақстаннан бөлек, тағы бірнеше мемлекет Ресейді халықаралық деңгейдегі кептеліс ұйымдастарды деп айыптады. Себебі Украина мен Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі арлы-бері өте алмай жатыр. Арасында біздің елдің жүргізушілері де бар деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазақстан, Украина, Түркия, Молдова, Беларусьтық көліктердің кептелуіне Ресейдің тосынан енгізген өзгерісі себеп. Осыған дейін жүк алып өту үшін бір ғана тасымалдау кітапшасын көрсетсе жеткілікті еді. Енді Ресей кеденшілері қағазбастылықты көбейтіп отыр. Яғни жүргізушілер әдеттегі кітапша орнына - баж салығы төленгенін растайтын анықтама, банктен кепілдеме немесе кепілге мүлік қойғанын растайтын қаптаған құжаттарды көрсетуі тиіс. Ал жолдан қалғандар мұны алдын-ала ешкім есертпеді деп күйініп отыр.

« Бұл кептеліс ешкімге пайда әкелмейді. Зардап шегетін отандық кәсіпкерлер. Олардың келісім-шарты бұзылып орасан шығынға батады. Оның үстіне елімізге әкеліне жатқан импорттық тауардың бағасы өседі»,-деді сұхбатта Қазақстан көлік тасымалдау Одағының бас хатшысы Теодор Каплан.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

1 қараша 2013, 08:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.