Атырау, 24 қараша 10:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Ресей алкоголь өнімдеріне тыйым салмақ

2 337 просмотра

Ресейдің алкоголь өнімдерін Қазақстанға кіргізуге шектеу қойылуы мүмкін. Оған көршілеріміздің бастамасы себеп болды.

Осы күндері Ресей үкіметі Қазақстан мен Беларусь елінен арақ-шарап өнімдерін әкелуге шек қойған. Бұл жаңалықты естіген сенаторлар өз наразылықтарын білдірмей қалмады.

Олар бүгін Жоғарғы палатаның кезекті отырысына есеп беруге келген Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықовты сұрақтың астына алды.

Кедендік одақ аясында үш ел өзара келісім бойынша жұмыс істеуі тиіс. Алайда, бұл жерде қазақстандық алкоголь өнімдерін өндірушілердің құқығы тапталуда деген сенаторлар, Ресейге тиісті жауап қайтаруды ұсынды.

"Ресей біржақты бұл мәселені күшейтіп жатыр. Ендеше біз неге күшейтпейміз? Біз де ондай қарсы шешім қабылдауымыз керек. Үкіметтің шешімімен біз де онда Кедендік одақ елдерінің ішімдіктерін бізге кіргізбеуіміз керек! Біз неге тыныш отырамыз?!", - дейді ҚР Парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова.

Дереккөз: Астана телеарнасы

31 қазан 2013, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.