Биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап елiмiзде "әмбебап полицей" жұмыс iстей бастайды.
Бұл жөнiнде ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен аптасайынғы брифингте ҚР Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасы Игорь Лепеха мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкiмшiлiк және жол полициясын реформалау жұмыстары жүргiзiлуде. Облыстардағы құрылымдық бөлiмшелерде де осындай шаруалар қолға алынды. Ендi жол полициясы жұмыстарымен әкiмшiлiк полиция комитетi айналысатын болады", - деп атап өтті Игорь Лепеха.
"Бүгiнде қатардағы барлық бөлiмшелер бiрiктiрiлдi. Сондықтан, 1 қарашадан бастап "әмбебап полицей" қағидасы бойынша жұмыс жасауды бастаймыз", - дедi комитет төрағасы.
Дереккөз: BNews.