«Қордың ірі компанияларының таза кірісі 9 ай ішінде 517 млрд теңгеге жетті. «Қазақтелеком» АҚ-ның «GSM Kazakhstan» ЖШС-гі үлесінің сатылғанын есептемегенде, таза пайда 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 497 млрд теңге, яғни 4 пайызға немесе 20 млрд теңгеге өскен», - деп мәлімдеді Н.Рахметов.
«Қордың 9 ай ішіндегі қаржылық көрсеткіштерін жалпы алғанда орташа деп бағалауға болады. Әсіресе, EBITDAmargin операциялық тиімділік көрсеткішін атап айтқым келеді. Оның өсу көрсеткіші барлық компаниялардағы шығынды қысқарту мен өндірісті арттырудың өскенін көрсетеді. Бұл орайда ары қарай өсу мүмкіндіктеріміз жеткілікті. Қор директорлар кеңесі арқылы жыл қорытындысы бойынша неғұрлым биік қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жұмыс істеуде», - деп толықтырды қордың басқарушы директоры.
Дереккөз: BNews.kz