Атырау, 24 қараша 09:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан автожолдардың қауіпсіздігі бойынша КО елдерінің стандарттарын әзірлейді

1 919 просмотра

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі  «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен бірлесе отырып Кеден одағының «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» техрегламентінің 11 мемлекетаралық стандарттарын әзірлеуге кірісті деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Кедендік одаққа мүше елдерге Стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарлама аясында барлығы 110 стандарт әзірлеуіне тура келеді. Оның ішінде ҚР-на 2015 жылдың аяғына дейін 11 стандартты әзірлеу және 99 мемлекетаралық стандарттарға талдау жасау тапсырылған»,-делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Қазақстанға көпір құрылыстары, автомобиль жолдарын қыста күтіп-ұстау, автомобиль жолдарының геометриялық элементтері, бағдаршамдар, автожолдардың классификациясы және автомобиль жолдарының диагностикасы жөніндегі стандарттарды әзірлеуге тиіс.

«Бүгінгі күні «ҚазжолҒЗИ» АҚ-на экспертиза жасау үшін Беларусь пен Ресейден 60-тан астам стандарттар түсті.Стандарттардың алғашқы редакциясын әзірлеу жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталмақшы»,-делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

30 қазан 2013, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.