Жол апаты таңғы төрттер шамасында орын алыпты. Тәртіп сақшылары тізгіндеген Nissan автокөлігі Сейфуллин көшесімен жүйіткіп келіп, Физкультурный көшесінің қиылысында бұрылып жатқан Hyundai көлігін бүйірінен соққан.
Салдарынан Nissan бірнеше рет аударылып, жол жиегіне барып бір-ақ тоқтаған көрінеді. Алдыңғы орында отырған екі полицей де көз жұмды. Ал, артыңғы орында отырған екі қыз бен бір жігіт түрлі дене жарақаттарын алған.
Куәгерлердің айтуынша, полицейлер тізгіндеген көлік жол ережесін бұзып, жарығын сөндіріп жүрген көрінеді. Қазір жол апатының салдары анықталып жатыр.
Дереккөз: Baq.kz