Атырау, 25 наурыз 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 457.29
€ 490.35
₽ 5.97

Шымкентте Чапаевка кентінде жарылыс ұйымдастырғандар сотталуда

1 807 просмотра

Шымкентте 2012-2013 жылдары қаланың жекеменшік секторында жарылыс ұйымдастырған Чапаевка кентінің үш тұрғыны сотталуда деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Іс  ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.

«Шымкент қаласындағы Чапаевка елді мекенінде жарылыс ұйымдастырған деген күдікпен ұсталған Е., А. және Д. деген азаматтарға қатысты сот отырысы басталды. Іс материалдары бойынша, Чапаевка елді мекенінің тұрғындары болып табылатын айыпталушы азаматтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің бұзақылық, заңсыз оқ-дәрі, қару, қопарылғыш заттар сатып алу, сақтау, тасымалдау, заңсыз қару дайындау және адам өлтіруге әрекет жасау, бопсалау баптары бойынша айыпталып отыр»,-делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

29 қазан 2013, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.